2025 жылғы 30 қыркүйектегі №27-5
Теректі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы №33-7 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теректі аудан әкімдігінің 2025 жылғы 24қыркүйектегі № 264қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
1) «Теміров Қалаубек Баубекұлы - Теректі ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы» деген сөздері «Сағынгереев Темірболат Мұхитұлы - Теректі ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы» деген сөздерімен;
«Сапарғалиев Мирас Махмутович - Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі» деген сөздері «Сарсенгалиев Ербулат Кайргалиевич - Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі» деген сөздерімен;
«Досқалиев Нұрхат Махамбетұлы - «Теректі ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция лейтенанты, комиссия мүшесі» деген сөздері «Сағындықов Аян Өтегенұлы - Теректі ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция лейтенанты, комиссия мүшесі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
2) «Құбаев Бекзат Өтегенұлы-Теректі ауданының 2 ауруханасының директоры, комиссия мүшесі»-деген сөздері алынып тасталсын.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев