2025 жылғы 26 тамыздағы №25-2
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының баяндамасын тыңдап және талқылағаннан кейін аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
жылумен жабдықтау объектілерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету;
қолда бар мамандандырылған техниканы қысқы жағдайларда жұмысқа дайындауды қамтамасыз ету;
энергетикалық және коммуналдық жабдықтарды апатсыз жұмысқа дайындау жөніндегі іс шаралар кешенін қамтамасыз ету;
бюджет қаражатының, оның iшiнде республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттер түрiнде бөлiнетiн қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;
күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастыру;
аудан әкіміне аудандағы өндірістік және әлеуметтік нысандардың 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындығы туралы аудандық штаб жұмысын бақылауға алу.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Теректі аудандық
Мәслихатының төрағасы А. Нургалиев