2025 жылғы 26 тамыздағы №25-1 Теректі ауданы әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы оған жүктелген функциялары менміндеттері жөніндегі есеп беруі туралы

2025 жылғы 26 тамыздағы                                                             №25-1

Теректі ауданы әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы

оған  жүктелген функциялары менміндеттері  жөніндегі

есеп  беруі туралы

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімінің оған жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімінің оған жүктелген  функциялар мен міндеттерін орындалуы туралы баяндамасы қаперге алынсын.
  2. Аудан әкіміне ұсынылсын:

бюджет қаражатын соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;

халыққа ауданның мемлекеттік органдары тарапынан  уақытылы және сапалы  мемлекеттік қызмет көрсетуін бақылауды қамтамасыз ету;

ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып қылмыс деңгейін төмендетуде ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша  алдын алу іс-шаралар бойынша жұмысты күшейту;

кіші және орта бизнесті қолдау;

әлеуметтiк нысандарды қысқы жағдайға дайындау бойынша нақты шараларды іске асыру.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, экология, жер орналастыру және агроөнеркәсіпті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Теректі аудандық

Мәслихатының төрағасы                                                 А. Нургалиев

 

 

 

 

Дата публикации
08 октября 2025