2025 жылғы 4 шілдедегі №24-4
Теректі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы №33-7 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістермен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теректі аудан әкімдігінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 156 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1)көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
«Жақыбаев Қанат Болатұлы – «Теректі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздері «Курмангалиев Даулет Максутович – «Теректі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздерімен;
«Ахметов Дидар Сырымбекович – «Ақжайық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы,полиция капитаны, комиссия мүшесі» деген сөздері «Канапиев Даулет Куанышович –«Ақжайық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы,полиция капитаны, комиссия мүшесі» деген сөздерімен;
«Орынбасаров Әділет Әлібекұлы- «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» аудандық газетінің бас редакторы, комиссия мүшесі»деген сөздері «Тоқмамбетов Темірболат Әнуарұлы- «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық саяси газетінің директор-редакторы, комиссия мүшесі» деген сөздерімен ауыстырылсын.
«Досщанова Альбина Нуралиевна- Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының уақытша міндетін атқарушы, комиссия мүшесі»деген сөздерімен толықтырылсын.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев