Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2025 жыл 20 наурыздағы №22-6
Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №17-13 «Аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомство аралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және Теректі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қаңтардағы №25 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
1) «Дюсенгалиев Берик Закареинович– Теректі ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, комиссия хатшысы» деген сөздері «Мажит Мейірбек Ержанұлы – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімі бас инспекторы, комиссия хатшысы» деген сөздерімен ауыстырылсын;
2) «Жакыбаев Канат Болатович – Теректі ауданы полиция бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің бастығының міндетін атқарушы» деген сөздері «Форманюк Дмитрий Геннадьевич – Теректі ауданы полиция бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің бастығының міндетін атқарушы» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев