Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№ 20-8 2024 жыл 26 желтоқсан
Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қаңтардағы №2-7 «Теректі ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас бойынша консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теректі аудан әкімдігінің 2023 жылғы 24 наурыздағы №72, 2024 жылғы 19 шілдедегі №239, 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №327 қаулылары негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
1) «Тугузбаев Амангельды Каримович- аудан әкімінің міндетін атқарушы, консультативтік-кеңесші органның төрағасы» деген сөздер «Муханбетжанова Алия Биғазықызы- аудан әкімі, консультативтік-кеңесші органның төрағасы» деген сөздерімен;
2) «Байгазиев Армат Амангельдіұлы-аудан әкімінің орынбасары, консультативтік-кеңесші органы төрағасының орынбасары» деген сөздер «Темиров Қалаубек Баубекұлы- аудан әкімінің орынбасары, консультативтік-кеңесші органы төрағасының орынбасары» деген сөздерімен;
3) «Ебелекқажиев Еркінбек Серікұлы – аудандық мұсылмандар мешітінің имамы» деген сөздер «Бақтығали Амантай Қуанышбайұлы- аудандық мұсылмандар мешітінің имамы» деген сөздерімен;
4) «Сатыбалдиев Рауан Таңатжанұлы – Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы» деген сөздер «Сұңғатов Жандос Әміржанұлы – Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы» деген сөздерімен ауыстырылсын.
5) «Кәдірғалиев Нұрсұлтан Жасұланұлы- жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығыныңбасшысы» деген сөздерімен толықтырылсын.
6) «Айткалиева Аягөз Айбарқызы- «Бірлік» ҚБ төрайымы» деген сөздер алынып тасталсын;
7) «Аткеева Нұрсауле Нұрланқызы- жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы алынып тасталсын;
8) «Адайхан Бағдат Қанатұлы -«Бірлік» ҚБ төрағасы» деген сөдері алынып тасталсын.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев