Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№20-7 2024 жыл 26 желтоқсан
Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №17-13 «Аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және Теректі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №304 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
«Рахметов Кенжебек Абушахметович – Теректі ауданының полиция бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздер «Рахимов Ринат Рафаэльевич – Теректі ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев