2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 19-6 Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9«Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2024 жылғы 5  желтоқсандағы                                            № 19-6                                                                  

Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9«Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес, Теректі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №305 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9 «Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне (оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып) келесі өзгерістер енгізілсін:
  • көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

«Рахметов Кенжебек Абушахметович – Теректі ауданының полиция бөлімінің бастығы» деген сөздер «Рахимов Ринат Рафаэльевич – Теректі ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы» деген сөздерімен;

«Нығметжанов Бибарыс Бекболатұлы– Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы» деген сөздер «Катчеков Бахтияр Бауыржанович– Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы» деген сөздерімен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Теректі  аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           А.Нургалиев

Дата публикации
08 января 2025