Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 19-5
Теректі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы №33-7 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теректі аудан әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 281қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1)көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
«Сохин Виктор Викторович –«Батыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесінің №1 Теректі аудандық пробация қызметінің бастығы, Әділет майоры, комиссия мүшесі» деген сөздері «Тимиргалиев Арыстан Казизович –«Батыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесінің №1 Теректі аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы, Әділет капитаны, комиссия мүшесі» деген сөздерімен;
«Куспанов Азамат Еркаутович – Теректі ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі» деген сөздері «Сұңғатов Жандос Әміржанұлы – Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев