Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2024 жылғы 31 қазандағы №18-6
Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №17-13«Аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және Теректі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қазандағы №243 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
1) «Хайрушев Адлет Ерболатович– Теректі ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, комиссия хатшысы (келісім бойынша)» деген сөздері «Дюсенгалиев Берик Закареинович–Теректі ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, комиссия хатшысы (келісім бойынша)» деген сөздерімен ауыстырылсын;
2) «Каиргалиев Тулеген Серикович– Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы» деген сөздері «Сапарғалиев Мирас Махмутович – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев