Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2024 жылғы 31 қазандағы №18-1
Теректі ауданы әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы оған жүктелген функциялары мен міндеттері жөніндегі есеп беруі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанованың оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
бюджет қаражатын соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін мақсатты трансферттер мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
халыққа ауданның мемлекеттік органдары тарапынан уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуін бақылауды қамтамасыз ету;
ішкі істер органдарымен бірлесіп ауданның қоғамдық тәртібін қорғау және қылмыс деңгейін төмендету жөніндегі жұмысты күшейту;
әлеуметтiк нысандарды қысқы жағдайға дайындау бойынша нақты шараларды іске асыру.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет,экономика, кәсіпкерлікті дамыту, экология, жер орналастыру және агроөнеркәсіпті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Теректі аудандық
Мәслихатының төрағасы А. Нургалиев