Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№ 17-13 2024 жыл 28 тамыз
Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-2 «Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының
құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес,саяси партияның ұсынысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде өз міндетін атқарудан босатылған учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің орнына келесі тұлғалар енгізілсін:
Аманшина Асия Жолдагалиевна
Антаев Ырыспек Имович
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Теректі аудандық мәслихатының төрағасы А.Нургалиев