№ 17-5 2024 жыл 28 тамыз Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-5 «Теректі аудандық әкімдіктің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№ 17-5                                                                 2024 жыл 28 тамыз

Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-5 «Теректі аудандық әкімдіктің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағына сәйкес, Теректі аудан әкімінің 2024 жылғы 3 шілдедегі №10 және 2024 жылғы 12 тамыздағы №12 шешімдері негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-5 «Теректі аудандық әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
  • көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

1) «Газиев Габит Талаптанович – Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы» деген сөздері «Сарсенова Гульмира Бауржановна – Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы» деген сөздерімен ауыстырылсын;

2) «Амандыков Ерлан Муратович – аудан әкімінің орынбасары» деген сөздері «Абрашитов Дархан Ережепович – аудан әкімінің орынбасары» деген сөздерімен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 Теректі аудандық

Мәслихатының төрағасы                                                           А. Нургалиев

 

Дата публикации
29 октября 2024