№ 17-2 2024 жыл 28 тамыз Ауданның денсаулық сақтаудың жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№ 17-2                                                                                  2024 жыл 28 тамыз

Ауданның  денсаулық сақтаудың жағдайы және

оны жақсарту шаралары туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңына сәйкес «Теректі аудандық ауруханасы» МКК директоры Д.М.Хайрушев пен «Теректі ауданының 2 ауруханасы» МКК директоры  Б.Ө.Кубаевтіңбаяндамаларынтыңдап және талқылап Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«Теректі аудандық ауруханасы» МКК және «Теректі ауданының 2 ауруханасы» МКК директорларының  баяндамалары қаперге алынсын.             

2.«Теректі аудандық ауруханасы» МКК және «Теректі ауданының 2 ауруханасы» МКК директорларына тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша  жұмысты келесі жолдармен  арттыру ұсынылсын:

1) әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу шараларын күшейту;

2) ана мен бала өлімін болдырмау;

  1. Жергілікті атқарушы органдар медицина кадрларының жетіспеушілігіне байланысты медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

         4.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың  білім беру, денсаулық сақтау,мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Теректі аудандық

мәслихатының төрағасы                                                         А.Нургалиев

Дата публикации
29 октября 2024