№ 16-9 2024 жыл 18 маусым Теректі ауданының жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту

№ 16-9                                                                 2024 жыл 18 маусым

 Теректі ауданының жер

комиссиясының құрамын

және жер комиссиясы туралы

ережені бекіту

 Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15 бабының 1 тармағының 5-3 тармақшасына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңынасәйкес, Теректі аудан әкімдігінің 2024 жылғы 29 мамырдағы №107  қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі ауданының жер комиссиясының құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Теректі ауданының жер комиссиясы туралы ережесі осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 4-2 «Теректі ауданының жер комиссиясының құрамын және комиссиясы туралы ережені бекіту» шешімі жойылсын.
  4. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Теректі аудандық

Мәслихатының төрағасы                                                           А. Нургалиев

Теректі аудандық мәслихатының

2024 жылғы 18 маусымдағы

№ 16-9 шешіміне 

1-қосымша

                               Теректі ауданының жер комиссиясының құрамы: 

1.      

 

Гумаров Дамир Сансызбаевич

  Аудан әкімінің орынбасары, комиссия   төрағасы;

2.      

 

Албекова Гаухар Мерекеевна

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

 

3.      

Жолдыгалиев Сагдат Умиргалиевич

Аудандық жер қатынастары бөлімінің        басшысы;

4.      

Айткалиева Сандугаш Саиновна

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы;

5.      

Айбергенов Қанатжан Иманғалиұлы

Ауданның сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

6.      

Газизов Азат Мұратұлы

«Азаматтарға арналған үкімет»

Мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы

бойынша филиалы Теректі аудандық бөлімінің жерге орналастырушы бас маманы; (келісім бойынша);

7.      

Қайрекенова Анар Қуанышқалиқызы

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер          палатасының Теректі ауданындағы филиалы өкілі;

8.      

Ибраев Мирхат Максутович

Аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша);

9.      

Букенбаев Амангали Бахитович

 «Бакыт» шаруа қожалығы басшысы (келісім бойынша);

10.            

Ахмадиев Каиыржан Жунусович

Теректі ауданы қоғамдық кеңес мүшесі (келісім бойынша);

11.            

Бектемиров Роллан Мендибаевич

Теректі ауданының қоғамдық кеңесі төрағасы (келісім бойынша);

12.            

Мергалиева Айнагуль Абзаловна

КТ «Теректі» ЖШС-нің несие маманы (келісім бойынша);

13.            

Ганиев Ильшат Габбасович

«Вектор» АШӨК-ның төрағасы (келісім бойынша);

14.            

Бауткин Антон Владимирович

Теректі ауданы мәслихатының депутаты;

       

 Теректі аудандық мәслихатының

2024 жылғы 18 маусымдағы

№ 16-9 шешіміне 

2- қосымша

 

Теректі ауданының жер комиссиясытуралыереже

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Жер комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – ереже) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) ауданның аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссияныңфункциялары мен құқықтары

  1. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
  2. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

  1. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
  2. Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
  3. Комиссия төрағасы аудан әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
  4. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  5. Комиссия төрағасы:

      1) отырысты шақырады;

      2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;

      4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.

  1. Комиссия мүшелері:

      1) ұсынылған материалдармен танысады;

      2) Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;

      3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.

  1. Комиссия хатшысы:

      1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;

      2) Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;

      3) отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;

      4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  1. Ауданның жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органы Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

      Комиссия хатшысыныңміндеттеріЖұмысорганыныңмаманынажүктеледі.

  1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
  2. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
  3. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қатысатын қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елупайызын құрауы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.

      Комиссия мүшесі, егер шешім қабылданған адам оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, баласы, бала асырап алушы, асырап алынған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), атасы, әжесі, немересі) немесе жекжаты (жұбайының (зайыбының) асырап алған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), ата-анасы және баласы) болса, Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде өздігінен бас тартатынын мәлімдейді.

      Өздігінен бас тарту Комиссия отырысы басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімденуі тиіс.

  1. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
  2. Комиссия отырысымін деттіт үрде аудио, бейне жазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейне жазба құралдарының көмегімен жазуды ауданның жер гілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  3. Комиссияның қорытындысы Жұмыс органы Комиссияға сұралған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуді немесе жер учаскесін алдын ала таңдауды қамтамасыз етуге сәйкес (елді мекен шекарасында объектілер құрылысын қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде) мәлімделген нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде үшданада хаттамалық шешім түрінде ресімделеді.

      Жұмыс органы ай сайын Комиссияның хаттамалық шешімдерін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

  1. Комиссия қорытындысының бірданасы қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге (оның өкіліне) мына тәсілдердің бірі арқылы беріледі (жіберіледі):

      қолма-қол;

      табысетілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтіліміны санында;

      электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжатпен;

      өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы бойынша табыс етіледі (жіберіледі).

4-тарау. Қорытындыережелер

  1. Өтінім беруші Комиссияның хаттамалық шешімін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануы мүмкін.

      Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.

  1. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті әкімнің аппаратына жүктеледі.
Дата публикации
29 октября 2024