№ 16-5 2024 жыл 18 маусым Богданов ауылдық округі әкімінің атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі туралы

№ 16-5                                             2024 жыл 18 маусым

 

Богданов ауылдық округі әкімінің

 атқарылған  жұмыстары  жөніндегі

есебі туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Богданов ауылдық округі әкімінің баяндамасын тыңдап және талқылап Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Богданов ауылдық округі әкімінің баяндамасы қаперге алынсын.
  2. Богданов ауылдық округі әкіміне ұсынылсын:

        - бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;

- халыққа мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы  көрсетуіқамтамасыз ету;

- әлеуметтiк нысандарды қысқы жағдайға дайындау бойынша       жұмыстарыбақылауға алу;

- ауылдық округ аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау             жұмыстарын жалғастыру;

- Богданов ауылдық округі әкіміне оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау бойынша жұмыстарды жалғастыу.

 

  1. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Теректі аудандық

Мәслихатының төрағасы                                        А. Нургалиев

Дата публикации
29 октября 2024