Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№ 14-9 2024 жыл 27 наурыз
Теректі аудандық мәслихаттың 2022 жыл 22 маусымдағы № 23- 6 «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге дешараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Теректі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 57 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
1)«Аубакиров Азат Абдулхамитович - Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы» деген сөздер «Айткалиева Сандугаш Саиновна - Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысы» деген сөздерімен ауыстырылсын.
2)«Энгелов Максим Энгелович– Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы» деген сөздері «Каиргалиев Тулеген Серикович – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев