Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№14-4 2024 жыл 27 наурыз
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімінің
жұмыстары туралы есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есетов Қайыржан Төлегенұлының баяндамасын тыңдап және талқылағаннан кейін аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын тиімді дамытуға бағытталған шараларды бақылауды және шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;- бюджет қаражатының, оның iшiнде республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттер түрiнде бөлiнетiн қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;- халыққа мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуін бақылауды қамтамасыз ету;-аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру;-жолдарды күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімдерін бақылау.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев