Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№ 8-11 2023 жыл 17 қазан
Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы
31 наурыздағы №11-11 «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясының
дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Теректі ауданы әкімдігінің 2023жылғы 10 қазандағы №229 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) «Гумаров Дамир Сансызбаевич –аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздер «Темиров Калаубек Баубекович –аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Мусин Рауан Ғимранұлы – Теректі аудандық полиция бөлімінің бастығы» деген сөздер «Рахметов Кенжебек Абушахманович - Теректі аудандық полиция бөлімінің бастығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Султанов Мейрбек Акылбекович – Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы» деген сөздер «Аубакиров Азат Абдулхамитович – Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а.» деген сөздермен ауыстырылсын;
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев