№ 8-10 2023 жыл 17 қазан Теректі аудандық мәслихаттың 2022 жыл 22 маусымдағы № 23- 6 «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге дешараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативтік- кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№ 8-10                                                                                  2023 жыл 17 қазан

Теректі аудандық мәслихаттың 2022 жыл  22 маусымдағы № 23- 6 «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің

өзге дешараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу

жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік

және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативтік-

кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Теректі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10қазандағы № 232 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 22 маусымдағы № 23-6 «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудіңөзге дешараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесужөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтікжәне өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінекелесі өзгерістер енгізілсін:

1) «Гумаров Дамир Сансызбаевич – аудан әкімінің орынбасары, консультативтік – кеңесші органның төрағасы» деген сөздер «Темиров Калаубек Баубекович – аудан әкімінің орынбасары, консультативтік – кеңесші органның төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Иманалиев Жантемир Танатарович – Теректі ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары» деген сөздері «Хайрушев Адлет Ерболатович – Теректі ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) «Дюсенгалиев Ахат Дюсенғалиұлы – Теректі ауданы №2 пробация қызметінің аға инспекторы» деген сөздері «Марленов Манарбек Бейбитович – Теректі аудандық №2 пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) «Султанов Мейрбек Акылбекович – Теректі  ауданының  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы» деген сөздер «Аубакиров Азат Абдулхамитович –Теректі  ауданының  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а.» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) «Хайруллин Руслан Мақсотұлы – Теректі ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ҚММ директоры» деген сөздері «Аубакиров Асет Сабитович – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ филиалы «Теректі ауданының мансап орталығының директоры» деген сөздерімен ауыстырылсын.

  1. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Теректі аудандық

мәслихатының төрағасы                                                А. Нургалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2023