№ 8-9 2023 жыл 17 қазан Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-5 «Теректі аудандық әкімдігінің құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№ 8-9                                                                   2023 жыл 17 қазан

Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-5 «Теректі аудандық әкімдігінің құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағына сәйкес, Теректі аудан әкімінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі №13, 2023 жылғы 3 қазандағы №15 шешімдері негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-5 «Теректі аудандық әкімдігінің құрамын келісу туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді ескере отырып келесі өзгерістер енгізілсін:
  • «Сарсенова Гульмира Бауржановна - Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы» деген сөздер «Газиев Габит Талаптанович - Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы» деген сөздерімен ауыстырылсын;
  • «Султанов Мейрбек Акылбекович – Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы» деген сөздер «Аубакиров Азат Абдулхамитович - Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы» деген сөздерімен ауыстырылсын.
  • «Досмаков Ержан Нұржанұлы – Теректі ауданы әкімінің орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын;
  • «Темиров Калаубек Баубекович – Теректі ауданы әкімінің орынбасары» деген сөздерімен толықтырылсын.
  1. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

 Теректі аудандық

мәслихатының төрағасы                                                             А. Нургалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2023