№ 8-7 2023 жыл17 қазан Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9 «Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Теректіаудандықмәслихатының

ШЕШІМІ

 

№ 8-7                                                                           2023 жыл17 қазан

  Теректі аудандық мәслихатының

2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9

«Теректі ауданының әкімдігі жанындағы

терроризмге қарсы комиссияның

дербес құрамын бекіту туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы  

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес, Теректі аудан әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы №231 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9 «Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне (оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып) келесі өзгеріс енгізілсін:

«Гумаров Дамир Сансызбаевич – Теректі ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары, комиссияның жұмыс тобы төрағасы» деген сөздер «Темиров Калаубек Баубекович – Теректі ауданы әкімінің орынбасары, комиссия мүшесі, комиссияның жұмыс тобы төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Теректі аудандық

Мәслихатының төрағасы                                                           А.Нургалиев

Дата публикации
10 ноября 2023