Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес , Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қарашадағы №88 шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысының Теректі аудандық мәслихаты1 аумақтық және 40 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы10 қарашадан бастап 2023 жылғы 8желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген,аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-га дейін жүзеге асырылады.
Теректі аудандық мәслихат
Нургалиев Альжан Жаксигереевич Теректі аудандық мәслихаттың төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 18 үй.
Жауапты адам - Кенжегулов Булат Мухитович, тел: (871132) 23131, электрондық пошта мекенжайы:ter-maslixat@mail.ru.
Теректі аудандық мәслихат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және 40 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
Аумақтық сайлау комиссиясы
|
№ |
Сайлау учаскесінің номері |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерініңсаны |
|
1 |
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
«Теректі ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Теректі ауылы, Г.Бойнов көшесі, №18А |
7 |
Учаскелік сайлау комиссиялары
|
№ |
Сайлау учаскесінің номері |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерініңсаны |
|
1 |
№350 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Ақжайық ауылы, Мұрат Насимуллин көшесі 14 |
9 |
|
2 |
№351 |
«Ақжайық шипажайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің клуб ғимараты |
санаторий Ақжайық ауылы, Ғарифолла Құрманғалиев көшесі 1 |
5 |
|
3 |
№352 |
ауылдық клуб ғимараты |
Ақсуат ауылы, Жаңа Өмір көшесі 1А |
5 |
|
4 |
№353 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Пойма бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Пойма ауылы, М.Маметова көшесі 14 |
5 |
|
5 |
№354 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Магистрал жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Магистральный ауылы, Атамекен көшесі 1 |
5 |
|
6 |
№355 |
ауылдық клуб ғимараты |
Құмақсай ауылы, Абай Құнанбаев көшесі 40 |
5 |
|
7 |
№356 |
ауылдық клуб ғимараты |
Ақсоғым ауылы, Қазақстан көшесі 14 |
5 |
|
8 |
№357 |
ауылдық клуб ғимараты |
Үлкен Еңбек ауылы, Каһарман көшесі 7 |
5 |
|
9 |
№358 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Таран бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Бозай ауылы, Болашақ көшесі 7 |
5 |
|
10 |
№359 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Социализм негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Социализм ауылы, Ақ жол көшесі 165 |
5 |
|
11 |
№360 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Подстепное ауылы, Абылай хан көшесі 9 құрылыс |
7 |
|
12 |
№361 |
ауылдық клуб ғимараты |
Абай ауылы, Дінмухамбет Қонаев көшесі 2 |
5 |
|
13 |
№362 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Аңқаты ауылы, Бейбітшілік көшесі 19 |
5 |
|
14 |
№364 |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Теректі ауданының 2 - ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимараты |
Қандық ауылы, Абай Кұнанбаев көшесі 10 |
5 |
|
15 |
№366 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Ұзынкөл ауылы, Астана көшесі 1 |
5 |
|
16 |
№367 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Подстепное ауылы, Школьная көшесі 1 |
9 |
|
17 |
№368 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Юбилейное ауылы, Жәңгір Хан көшесі 6 |
5 |
|
18 |
№369 |
ауылдық клуб ғимараты |
Богдановка ауылы, Советская көшесі 1 |
5 |
|
19 |
№372 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Алғабас бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Алғабас ауылы, Шанырақ көшесі 1А |
5 |
|
20 |
№373 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Приречный жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Приречное ауылы, Ленина көшесі 3 |
5 |
|
21 |
№374 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Донецк бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Таксай ауылы, Достық көшесі 5 А |
5 |
|
22 |
№375 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Жайық негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Жайық ауылы, Шапағат көшесі 120 |
5 |
|
23 |
№377 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Долин ауылы, Жеңіс көшесі 34 |
5 |
|
24 |
№378 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Төңкеріс ауылы, Центральная көшесі 9 |
5 |
|
25 |
№379 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Шөптікөл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Шөптікөл ауылы, Мектеп көшесі 1 А |
5 |
|
26 |
№381 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Айтиев бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Әйтиев ауылы, М.Мукатаев көшесі 156 |
5 |
|
27 |
№383 |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Теректі аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пункт ғимараты |
Барбастау ауылы, Сырым Датұлы көшесі 5/1 |
5 |
|
28 |
№384 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Подстепное ауылы, Советская көшесі 18/1 |
9 |
|
29 |
№385 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Теректі ауылы, Желтоқсан көшесі 3 |
7 |
|
30 |
№386 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Покатилов ауылы, А.Құнанбаев көшесі 63 |
5 |
|
31 |
№387 |
«Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Теректі аудандық Достық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты |
Теректі ауылы, Орталық көшесі 35 |
7 |
|
32 |
№388 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 188/1 |
7 |
|
33 |
№389 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Шаған жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Жаңа Өмір ауылы, Болашақ көшесі 2 А |
9 |
|
34 |
№390 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Шағатай ауылы, Школьная көшесі 23 |
5 |
|
35 |
№391 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Қоғалытүбек негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Қоғалытөбек ауылы, Бірлік көшесі 10 |
5 |
|
36 |
№393 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Қызылжар негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Қызылжар ауылы, Бейбітшілік көшесі 9 |
5 |
|
37 |
№395 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Талпын негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Талпын ауылы, Махамбет Өтемісұлы көшесі 70 |
5 |
|
38 |
№396 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Шалқар бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Шалқар ауылы, Достық көшесі 157 |
5 |
|
39 |
№397 |
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
Сарыөмір ауылы, Орталық көшесі 40 А |
5 |
|
40 |
№398 |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Шайхы Онашев атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Дуана ауылы, Роза Жаманова көшесі 155 |
5 |