№ 7-5 2023 жыл 12 қыркүйек Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9 «Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Теректіаудандықмәслихатының

ШЕШІМІ

 № 7-5                                                                           2023жыл12қыркүйек

 Теректі аудандық мәслихатының

2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9

«Теректі ауданының әкімдігі жанындағы

терроризмге қарсы комиссияның

дербес құрамын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы  

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес, Теректі аудан әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы №62, 2023 жылғы 26 маусымдағы №137, 2023 жылғы 17 тамыздағы №177, 2023 жылғы 29 тамыздағы №193 қаулылары негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-9 «Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне (оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып) мына өзгерістер енгізілсін:

1) «Рүстемов Армат Талғатұлы-Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сырым аудандық бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздер «Иденов Бауржан Рахимович- Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сырым аудандық бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;

2)«Мәдиев Сержан Салембайұлы – Подстепный ауылдық округі әкімі,комиссия мүшесі» деген сөздер«Сұлтанов Мейірбек Ақылбекұлы – Подстепный ауылдық округі әкімі, комиссия мүшесі» деген сөздерімен ауыстырылсын;

3) «Буранбаев Еркін Нұрболатұлы- Теректі аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы» деген сөздер «Хайрушев Дархан Манарбекұлы- Теректі аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК директоры» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) «Габдушев Тілекқабыл Александрұлы- Теректі ауданы әкімі, комиссия төрағасы» –деген сөздер «Муханбетжанова Алия Бигазиевна - Теректі ауданы әкімі, комиссия төрағасы» деген сөздерімен ауыстырылсын;

5) «Мусин Рауан Гимранович– Теректі аудандық полиция бөлімі бастығы»деген сөздер «Рахметов Кенжебек Абушахманович Теректі аудандық полиция бөлімі бастығы»  деген сөздерімен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Теректі аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           А.Нургалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 сентября 2023