№7-2 2023 жыл 12 қыркүйек Аудан тұрғындарының сапалы және мәдени демалуларын ұйымдастыру туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№7-2                                                                                      2023 жыл 12 қыркүйек

Аудан тұрғындарының сапалы

және мәдени  демалуларын

ұйымдастыру туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сердалиева Лунара Ғанибалқызының баяндамасын тыңдап және талқылағаннан кейін аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының есебі назарға алынсын.
  2. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысына ұсынылсын:

аудан тұрғындарының бос уақытын дұрыс өткізу жәнеденсаулықтарын нығайту мақсатында мәдени -спорттық іс-шараларды өткізу жұмыстарын жалғастыру;

 жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарының алдын-алу мақсатында балалардың бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша мәдени – сауықтыру іс-шараларын жүйелі түрде жүргізу:

аудандағы кітапханаларға келушілерді арттыру мақсатында, кез-келген жастағы және қызығушы оқырмандарға қолайлы жағдай жасалсын.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылау білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

  1. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді

Теректі аудандық

мәслихатының төрағасы                                                            А.Нургалиев

Дата публикации
26 сентября 2023