№7-1 2023 жыл 12 қыркүйек Теректі ауданы әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы оған жүктелген функциялары мен міндеттері жөніндегі есеп беруі туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№7-1                                                                                        12 қыркүйек 2023 жыл

Теректі ауданы әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы

оған  жүктелген функциялары мен міндеттері  жөніндегі есеп беруі туралы

 Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы»жарлығына сәйкес аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанованыңоған жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанованың оған жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы баяндамасы қаперге алынсын.
  2. Аудан әкіміне ұсынылсын:

бюджет қаражатын соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін мақсатты трансферттер мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;

халыққа ауданның мемлекеттік органдары тарапынан  уақытылы және сапалы  мемлекеттік қызмет көрсетуін бақылауды қамтамасыз ету;

ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып қылмыс деңгейін төмендетуде ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша  алдын алу іс-шаралар бойынша жұмысты күшейту;

әлеуметтiк нысандарды қысқы жағдайға дайындау бойынша нақты шараларды іске асыру.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет,экономика, кәсіпкерлікті дамыту, экология, жер орналастыру және агроөнеркәсіпті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Теректі аудандық

Мәслихатының  төрағасы                                                А. Нургалиев

 

Дата публикации
26 сентября 2023