Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№ 8- 2023 жыл қазан
«Теректі ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-9Теректі аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев