№ 6-5 2023 жыл 17 тамыз Теректі аудандық мәслихатының 2022 жыл 18 ақпан №19-7«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

№ 6-5                                                                           2023 жыл 17 тамыз

 Теректі аудандық мәслихатының 2022 жыл 18 ақпан №19-7«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі  аудандық комиссиясының  дербес құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес, Теректі аудан әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №136 қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 ақпандағы №19-7 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның  дербес құрамын бекіту туралы»  шешімнінекелесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Султанов Мейрбек Акылбекович – «Теректі ауданыныңкәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы,комиссия мүшесі» деген сөздері «Аубакиров Азат Абдулхамитович – «Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы,комиссия мүшесі» деген сөздерімен ауыстырылсын;

2) «Кәдірғалиев Нұрсұлтан Жасұланұлы -   Теректі ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі» –деген сөздерімен толықтырылсын;

3) «Айтқалиева Аягөз Айбарқызы – «Теректі ауданы «Бірлік» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, комиссия мүшесі» –деген сөздерімен толықтырылсын.

  1. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Теректі аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           А.Нургалиев

 

 

 

 

 

 

                

Дата публикации
24 августа 2023