№ 5-6 2023 жыл 30 мамыр Ауданның елді мекендерін ауыз сумен, газбен және электроэнергиямен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

 

 

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 № 5-6                                                                          2023 жыл  30 мамыр

 

 

Ауданның елді мекендерін ауыз сумен, газбен және электроэнергиямен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы     

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес «ТАЗА-СУ» ЖШС директоры Сабырбек Аманбекұлы Мусин, Ақжайық АЭЖ басшысы Талғат Қаблайұлы Тапалов, Теректі АЭЖ басшысы Изимжан Нұрышев, «ҚазТрансГазАймақ» БҚӨФ АҚ Теректі газ шаруашылығы маманы Асанали Избасаровты тыңдап және талқылап, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Жергілікті атқарушы органға:халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауға алу;

су ресурстарын тиімді басқару үшін барлық шараларды қабылдау;қысымды реттейтін резервуарларды жөндеу, жуу және кейіннен дезинфекциялау бойынша жоспарлы жұмыстарды уақытында жүргізу;

халықтың өмірі мен мүлкіне төнетін қатерді жою үшін газ тарату жүйесі мен газ тұтынуды техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді бақылауға алу;

газды пайдалану кезінде халыққа қауіпсіздік техникасы қағидаларын түсіндіру;

ақаусыз жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін электр берудің желілеріне техникалық қызмет көрсету, профилактикалық тексерулер мен өлшеулерді орындау ұсынылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, экономика және кәсіпкерлікті дамыту, экология, жерге орналастыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.3. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді  

Теректі аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      А.Нургалиев

 

Дата публикации
07 июня 2023