Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№2-2 21 сәуір 2023 жыл
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және мемлекеттік қорға қайтару туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес, ауданның жер қатынастары бөлімі басшысы С.Жолдыгалиевтің баяндамасын тыңдап және талқылап Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау бойынша жұмыстар жалғастырылсын;
әрбір ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тиімділігіне жүйелі түрде талдау жасалсын;
жергілікті атқарушы органдар қолда бар жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалансын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, экология, жер орналастыру және агроөнеркәсіпті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А.Нургалиев