№ 2-1 2023 жыл 21 сәуір Теректі ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 № 2-1                                                                                   2023 жыл  21 сәуір

Теректі ауданында

мемлекеттік қызметтер

көрсету сапасы туралы

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің басшысы Каламкас Сырымовна Султанованың баяндамасын тыңдап, талқылап Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Теректі ауданы әкімі аппараты бөлімі басшысының ақпараты назарға алынып және ұсынылсын:   

- мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен уақытылылығын одан әрі арттыру бойынша жұмысты жалғастыру;- ауданда мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін бұзуды болдырмау шараларын қабылдау;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерін қызмет алушыларды, әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану арқылы соның ішінде әлеуметтік желілері арқылы ақпараттандыру;

- мемлекеттік органдарда қызмет көрсетушілерді уақытылы оқытуды қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша «Е лицензиялау» ақпараттық жүйесіне күнделікті мониторинг жүргізу.

2. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді  

Теректі аудандық мәслихатының төрағасы                        А.Нургалиев

Дата публикации
26 апреля 2023