
Digital Almaty 2025 форумында «Байланыстан интеллектке: телекоммуникациялар – жасанды интеллект индустриясының іргетасы» атты панельдік сессия өтті. Шара барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен жетекші байланыс операторлары 5G, жасанды интеллект (ЖИ) және цифрлық инфрақұрылымның дамуын талқылады.
Цифрлық даму министрлігі елдегі интернет байланысының сапасын жақсартуға басымдық беруде. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 3000-нан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, министрлік спутниктік байланысты одан әрі дамытып, шалғай аймақтарды интернетпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Қазіргі таңда:
Бұл бастамалар интернеттің қолжетімділігін арттырып, цифрлық теңсіздікті азайтуға бағытталған.
ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков телекоммуникация, деректерді өңдеу орталықтары және жасанды интеллект арасындағы синергияның маңыздылығына тоқталды:
“Қазіргі таңда телекоммуникация саласындағы тиімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін деректерді сақтау, өңдеу және қорғау жүйелерінің маңызы зор. Қазақстандағы деректер орталықтары ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, деректерді өңдеу жылдамдығын арттыру арқылы жасанды интеллект пен басқа да жаңа технологиялардың дамуына жол ашады.”
Бұл қадамдар елдің цифрлық инфрақұрылымын нығайтып, жасанды интеллекттің дамуына және телекоммуникация саласының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.