Байланыс қызметтерінің бағасын төмендету бойынша тапсырманы орындау мақсатында байланыс операторлары қол жетімді әлеуметтік тарифтік жоспарлар енгізді.
"Қазақтелеком" АҚ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3499 теңгеге жаңа "Бастапқы" пакеттік тарифтік жоспары енгізілді. Бұл топтама қолданыстағы ең төменгі тарифтік жоспардан (3 550 теңге) 5.5% төмен және оған 10 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен Интернет қызметтері және Қазақстан бойынша лимитсіз қоңыраулармен телефон байланысы мен Алтел/Теле2 желісіне қоңырау шолу кіреді.
"Қазтранском" АҚ абонентті байланыс қызметтеріне қосу бойынша жұмыстарды жүргізуге 50% жеңілдік, сондай-ақ телефонның абоненттік төлеміне ай сайынғы 10% жеңілдік және интернет қызметтерінің абоненттік төлеміне 15% жеңілдік ұсынады.
"Транстелеком" АҚ ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар үшін интернет желісіне қатынау қызметіне 5% жеңілдік ұсынады.
"Кар-Тел" ЖШС жаңа "Әлеуметтік", "Әлеуметтік плюс" тарифтік жоспарларының желісі және "мұғалімдерге арналған"тарифтік жоспары" әзірленді. Тарифтік жоспар бойынша абоненттер ұялы байланыс қызметтерін айтарлықтай төмендетілген бағамен (590 теңгеден бастап) алады.
Бұдан бұрын абоненттер үшін әрекет ететін "Ерекше" ТК "Кселл" АҚ-да "Кселл"абоненттері үшін қолжетімді. Осы тарифтік жоспар бойынша 1 және 2 топ мүгедектері мен есту қабілеті нашар мүгедектер желі ішінде 1 теңгеден, басқа операторлардың желісіне 9 теңгеден, басқа операторлардың желісіне 1 SMS үшін 2 теңгеден шығыс байланыс алады.
"Мобайл Телеком сервис" ЖШС (Altel, Теле-2) 350 теңге абоненттік төлемімен әлеуметтік тарифтік жоспарды енгізді. Бұдан басқа, "Күнделік" ақпараттық жүйесіне тегін интернет трафигін ұсына отырып, жаңа арзан әлеуметтік тарифті енгізу мәселесі пысықталды.