Халықты Интернет желісіне жаппай қол жеткізумен қамтамасыз ету-бұл байланыс саласын, сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан"мемлекеттік бағдарламасын дамыту жөніндегі негізгі міндеттердің бірі. Қазақстандықтардың сапалы интернетте қажеттілігін қанағаттандыру үшін бүгінгі күні төмендегідей сымсыз және сымды технологиялар қолданылады: ADSL, FTTN, 3G, 4G/LTE, CDMA/EVDO және т. б.
Қазақстандықтардың сапалы интернетте қажеттілігін қанағаттандыру үшін байланыстың сымсыз және сымды технологиялары қолданылады. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында ADSL технологиясы бойынша ақпаратты беру жылдамдығы 8 Мбит/с дейін кең жолақты Интернет, сондай-ақ деректерді беру жылдамдығы 4 Мбит/с дейін 3G/4G/LTE сымсыз технологиялары бойынша қызметтер ұсынылады. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында ADSL технологиясы бойынша ақпаратты беру жылдамдығы 8 Мбит/с дейін кең жолақты Интернет, сондай-ақ деректерді беру жылдамдығы 4 Мбит/с дейін 3G/4G/LTE сымсыз технологиялары бойынша қызметтер ұсынылады. Халық саны 50 және одан да көп адамнан тұратын ауылдық елді мекендерде Интернет және телефония желісіне қол жеткізу қызметтері CDMA/EVDO, 3G технологияларын пайдалана отырып ұсынылады.
Бүгінгі күні компьютерлер арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернетке қол жеткізе алатын абоненттер саны – 2,5 млн. адамды құрайды. Алайда, Интернеттің негізгі тұтынылуы ұялы байланыс желісі арқылы жүзеге асырылатынын атап өту керек. 2019 жылы интернетке кеңжолақты қатынау абоненттерінің саны 14,4 млн-ға жетті.
Ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты Интернетпен одан әрі қамтамасыз ету үшін бүгінде Қазақстанда екі ауқымды жоба қолға алынды, олардың мақсаты ел аумағының үлкен ұзындығына қарамастан шалғай ауылдарға сапалы интернетті жеткізу. Мәселен, үш жыл ішінде, 2019-2021 жылдар аралығында байланыс операторлары 20 мың километрден астам талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартады. Нәтижесінде, 1 250 шалғай ауылда орналасқан ауруханалар, мектептер мен мемлекеттік мекемелер жоғары жылдамдықты интернет алады. Бұдан басқа, 3 143 ауыл LTE технологиясы бойынша мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі. 250 адамнан аз тұратын ауылдарға келетін болсақ, қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с кем емес Интернет желісіне кеңжолақты қатынау мүмкіндігі 2021 жылдың соңына дейін спутниктік технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етілетін болады.
"Цифрлық Қазақстан" МК 2022 жылы "Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі" көрсеткішіне - 82% қол жеткізу көзделген.
6-74 жастағы интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 2016 жылы – 76,8%, 2017 жылы – 78,8%, 2018 жылы – 81,3% құрады (жылдық көрсеткіш).