(2025 жылғы 1 қаңтардан 15 қазанға дейінгі кезең)
Аталған кезеңде байланыс операторлары мен байланыс саласының субъектілеріне қатысты 247 тексеріс жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде 141 жағдайда байланыс саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы анықталды.
Анықталған негізгі құқықбұзушылық түрлері:
- ҚР ӘҚБтК 637-бабы 1-бөлігі 1-тармағы – байланыс қызметтерінің сапасының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- ҚР ӘҚБтК 164-бабы 4-бөлігі – кабельдік канализацияны пайдалану қағидаларын бұзу;
- ҚР ӘҚБтК 164-бабы 1-бөлігі – табиғи монополия субъектілерінің міндетті есептілікті ұсынбауы;
- ҚР ӘҚБтК 637-бабы 1-бөлігі 17-тармағы – байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бұзу;
- ҚР ӘҚБтК 637-бабы 12-бөлігі – радиожиіліктерді бөлу (тағайындау) қағидаларын сақтамау;
- ҚР ӘҚБтК 463-бабы 1-бөлігі – радиожиілік қызметі туралы хабарламай қызметті жүзеге асыру;
- ҚР ӘҚБтК 462-бабы 2-бөлігі – уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау.