«Транстелеком» акционерлік қоғамының уақытша өтемдiк тарифтерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 маусымдағы No 375/НҚ бұйрығы.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 15-тармағына және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 181/НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Алматы және Астана қалалар бойынша кәбілдік кәріз арнасында кәбіл-орынды пайдалануға беру – 7 960,27 теңге (ҚҚС-сыз), 1 жыл мерзімге;
2) Алматы және Астана қалаларын қоспағанда, басқа облыстар бойынша кәбілдік кәріз арнасында кәбіл-орынды пайдалануға беру – 3 511,83 теңге (ҚҚС-сыз), 1 жыл мерзімге;
3) кәбілдік кәрізде кәбілді орнатуға техникалық талаптарды әзірлеу және беру, сондай-ақ кәбілдік канализацияның жаңа учаскелерін жобалау, салу үшін – 18 032,41 теңге (ҚҚС-сыз), 1 жыл мерзімге.