26.06.2024ж. № 374/НҚ

«Астана Innovations» акционерлік қоғамының уақытша өтемдiк тарифтерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 374/НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының          8-бабы 15-тармағына және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 181/НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Астана Innovations» акционерлік қоғамы үшін келесі қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтер бекітілсін:
  • кәбілдік кәрізде кәбілді орнатуға техникалық талаптарды әзірлеу және беру, сондай-ақ кәбілдік канализацияның жаңа учаскелерін жобалау, салу үшін 7 885,45 теңге (ҚҚС-сыз), 1 жыл мерзімге;
  • кәбілдік кәріздің арнасында кәбіл-орынды пайдалануға беру 13 536,16 теңге (ҚҚС-сыз), 1 жыл мерзімге.
  1. «Астана Innovations» акционерлік қоғамының уақытша өтемдiк тарифтерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 25 бұйрығының күші жойылсын.
  2. Байланыс саласындағы тарифтерді талдау және реттеу басқармасы (З. Орысбаева) осы бұйрықты «Астана Innovations» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төраға орынбасары О. Кабеновке жүктелсін.
  4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
«Астана Innovations» акционерлік қоғамының уақытша өтемдiк тарифтерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 374/НҚ бұйрығы
Дата публикации
08 октября 2024