«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының уақытша өтемдiк тарифтерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 маусымдағы №376/НК бұйрығы
Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 8-бабы 15-тармағына және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 181/НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) кәбілдік кәрізде кәбіл жүргізу үшін техникалық талаптарды әзірлеу – 12 448,53 теңге (ҚҚС-сыз), 1 жыл мерзімге;
2) Алматы, Астана және Шымкент қалалар бойынша кәбілдік кәріз арнасында кәбіл-орынды пайдалануға беру – 8 094,19 теңге (ҚҚС-сыз), 1 жыл мерзімге;
3) Алматы, Астана және Шымкент қалаларын қоспағанда, басқа облыстар бойынша кәбілдік кәріз арнасында кәбіл-орынды пайдалануға беру – 3 214,69 теңге (ҚҚС-сыз), 3 жыл мерзімге.