АҚПАРАТ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 1 Қосымшасына сәйкес, байланыс саласында лицензиялауға жататын келесі қызметтер тізімі айқындалған:
- қалааралық телефон байланысы;
- халықаралық телефон байланысы;
- спутниктік жылжымалы байланыс;
- ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, байланыс саласында қызмет көрсетуге келесі лицензия түрлері қысқартылды:
Алайда, Қазақстан Республикасы азаматтарынан байланыс саласында қызметтің сапасыз көрсетілуі туралы бірнеше қайтара шағымдардың түсуіне байланысты, Қазақстан Республикасыны 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» заңында (бұдан әрі – Заң) 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлауды (бұдан әрі – хабарлама) міндеттейтін норма қарастырылған.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңының 1 бабы 29) тармақшасына сәйкес, хабарлама жасау тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде және байланыс саласында қызмет көрсету тәртібін қадағалау, сонымен қатар есеп жүргізу мақсатында байланыс операторлары (байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға) төмендегі байланыс түрлері бойынша қызмет көрсететіндігі туралы Заңға сәйкес уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті:
Хабарламада:
Сонымен қатар, хабарламаны электронды түрде электронды үкімет арқылы (www.elicense.kz – Байланыс – Хабарлама тәртібі) жолдауға болатынын атап өткен жөн.