
Қазіргі уақытта Қазақстанда бекітілген байланыстың 2,5 млн. абоненті тіркелген, яғни бұл стационарлық телефонды пайдаланатын адамдар. Бұл ретте, жыл сайын телекоммуникация нарығының жалпы көлеміндегі бекітілген байланыс үлесі ұялы байланыс орнын бере отырып, төмендеуде. Бүгінде елде халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерін 10 оператор ұсынады.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда елді телефондандыру және телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
Қазақстан желісін тұтастай алғанда қазіргі заманғы даму деңгейіне ауыстыру үшін жергілікті және магистральдық желілерді жаңғырту және дамыту бойынша ірі ауқымды жұмыс жүргізілді, атап айтқанда, мемлекеттік маңызы бар ірі ауқымды жоба болып табылатын ұзақтығы 12,5 мың км астам Ұлттық Ақпараттық Супермагистраль (ҰАСМ) салынды. Нәтижесінде, 2015 жылдың соңына қарай Жергілікті телекоммуникация желісін цифрландыру деңгейі 100% - ға дейін жеткізілді. Сыртқы Интернет порттарына қосылуды кеңейту және транзиттік әлеуетті арттыру үшін Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай халықаралық телекоммуникациялық операторларымен түйістер салынды.
Елдің көп ұзындығын және халықтың тығыздығының төмендігін ескере отырып, шалғайдағы ауылдық елді мекендерді телефондандыру үшін сымсыз байланыс технологиялары қолданылды. "CDMA технологиясын пайдалана отырып, ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту және дамыту" жобасын іске асырудың арқасында 2015 жылдың соңына дейін 800-ден астам базалық станция орнатылды, олар ауылдық жердегі телекоммуникация қызметтеріне сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні Қазақстанның бекітілген телефон байланысы нарығы байланыс нарығының неғұрлым дамыған және игерілген сегменттерінің бірі болып табылады. Тұтыну көлемдерін төмендету бойынша әлемдік үрдістерді ескере отырып, "Бекітілген телефон желілері" көрсеткіші Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің жаңа әдістемесінен алынып тасталды.
