Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ұялы байланыс

Бүгінгі таңда телекоммуникация саласындағы әлемдік тренд сымсыз мобильді желілерді дамыту жағына қарай жылжуда, бұл ұялы байланыс абоненттерінің өсуі куәландырады. Қазақстанда бүгінгі күні 25,9 млн.абонент тіркелген, оған 3 ұялы байланыс операторы қызмет көрсетеді.

2011 жылы елімізде 3G стандартының байланысы енгізілген кезде сала ұялы байланыстың дамуына айтарлықтай серпін алды.  Бүгінде үшінші буын желісі барлық қалаларда, облыс орталықтарында және саны 10 мың адамнан асатын елді мекендерде жұмыс істейді.

Келесі кезең төртінші буын байланысын енгізу болды. Қазіргі уақытта 4G/LTE стандартының қызметтері Республиканың халқының саны 50 000 және одан да көп елді мекендерінде, сондай-ақ аудан орталықтарында ұсынылады.

 3G, 4G ұялы байланыс технологиясын енгізумен ұялы байланыс абоненттері ұялы байланыс желілері арқылы Интернет желісіне кең жолақты қатынау мүмкіндігіне ие болды. Егер 2015 жылы Қазақстанда кең жолақты интернеттің 10 млн. абоненті болса, бүгінде олардың саны 14,6 млн. - ға дейін артты. 

2015 жылы телекоммуникациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және абоненттерді Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерімен көбірек қамту үшін 19 еуропалық елдің мысалы бойынша технологиялық бейтараптылық қағидатын енгізді. Бұл байланыс операторларына оларға бөлінген жиілік диапазондарында әртүрлі стандарттардың (2G, 3G, немесе 4G) байланыс қызметтерін ұсынуға мүмкіндік берді.

2019 жыл ішінде Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Тестілеудің алғашқы нәтижелері оң болды және сарапшылар Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында 5G технологиясының бірыңғай стандарты қабылданғаннан кейін және жиілік диапазоны анықталғаннан кейін Қазақстан аумағында 5G технологиясын енгізу дайындығы туралы хабарлады. Бірінші кезеңде 5g Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында әлеуметтік маңызы бар объектілер (университеттер, кәсіпорындар, мектептер және т.б.) аумағында іске қосылады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, 2021 жылдың соңына дейін Назарбаев Университеті мен ЭКСПО аумағында, 2022 жылы әуежайда, вокзалда және ірі сауда орталықтарында 5G іске қосылады деп күтілуде. Кейіннен 2023 жылдан бастап облыс орталықтарында 5G стандартындағы байланыс қызметтерін іске қосу жоспарлануда.

Халықаралық рейтингтер

Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстан 2019 жылы (2018 жылдың қорытындысы бойынша) әлемнің 140 елінен келесі орындарға ие болды:

"Ұялы байланыс абоненттері" көрсеткіші бойынша әлемде 18 орын

"Мобильді КЖҚ абоненттері" көрсеткіші бойынша әлемде 66 орын

Қазақстан ұялы байланыс қызметтерінің тарифтері бойынша әлемде 29 орын

Бекітілген кең жолақты Интернет қызметтері бойынша әлемде 20 орын

Байланыс операторларының міндеттемелері

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұялы байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелері шеңберінде халық саны 500 адамнан және одан да көп елді мекендерді, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар барлық автомобиль және темір жолдарды ұялы байланыспен қамтамасыз етуге міндетті.

(Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Шешімі)

2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұялы байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелері шеңберінде 3 143 ауылдық елді мекендерде 3 Мбит/с кем емес қосылу жылдамдығымен төртінші буынның (LTE) ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге міндетті.

(Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2019 жылғы 24 қазандағы шешімі).

Статистика

Ұялы байланыс операторлары

"Kcell" АҚ (Kcell және Асtiv сауда маркалары), "Кар-Тел" ЖШС (Beeline сауда маркасы), "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Теле 2, Altel сауда маркасы).

 

Документы
Бұйрық
05 сентября 2025
«Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитеті» РММ
«Астана Innovations» акционерлік қоғамына 2025-2029 жылдарға арналған кәбілдік кәрізін пайдалануға беру қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы
Заң
22 июля 2019
О связи
Бұйрық
22 июля 2019
«Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитеті» РММ
Об утверждении правил оказания услуг связи
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
IMEI тіркеу
Перейти
Услуги
Организации
«Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитеті» РММ
Сымсыз байланыс жобаларын дамыту және мониторинглеу басқармасы ТК ЖИЦДМ РК
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы