
Байланыс қызметтерін көрсету сапасын бақылау – бұл ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті қызметінің бағыттарының бірі.
Осы бағыт шеңберінде Министрлік Байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін және Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін өлшеудің бекітілген әдістемесі негізінде ұялы байланыс желілерінің параметрлерін өлшеуді жүргізеді.
Телекоммуникация комитеті республикалық және облыстық автожолдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Облыс орталықтары мен ірі қалалары бөлінісінде бекітілген жоспар-графиктер негізінде ұялы байланыс сапасын тұрақты өлшеуді жүргізеді, сондай-ақ азаматтардың өтініштері негізінде байланыс сапасын жоспардан тыс тексеруді ұйымдастырады.
Ұялы байланыс желілерінің техникалық параметрлерін өлшеу және өңдеу арнайы жабдықталған жылжымалы кешендермен жүргізіледі. Бұл сымсыз байланыс арнасын өлшеу құралдарымен жабдықталған автокөлік. Жылжымалы кешен сондай-ақ кешен мамандары жету қиын объектілерде (үйлердің шатырлары, тар көшелер мен т.б.) өлшеу жүргізе алатын портативті жабдықтармен жарақтандырылғаны туралы айта кету керек. Кешендер "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" РМК қарамағында.
Өлшеу нәтижелері бойынша деректердің белгіленген нормаларға сәйкестігіне талдау жүргізіледі. Сәйкес келмеген жағдайда ұялы байланыс операторларына өз желілерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жіберіледі және/немесе ӘҚтК шеңберінде 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұлдар шығарылады.

Байланыс сапасының төмендігі анықталған жағдайда азаматтар АӨҚО телекоммуникация комитетінің аумақтық бөлімшелеріне немесе тікелей телекоммуникация комитетіне немесе министр Б. Мусинның блогына электрондық үкімет порталы арқылы ресми өтініш жібере алады.
2017 жылы байланыс сапасы халықаралық және ұлттық автожолдарда өлшенді, олардың ішінде:
Өлшеу нәтижесінде нормалардан ауытқулар анықталды,одан кейін көрсеткіштерді жақсарту мақсатында байланыс операторларына 4 ұсыныс хат жіберілді.
2018 жылы 50 мыңнан астам адам тұратын елді мекендерде 4G стандартының ұялы байланыс қызметтерінің сапасы, сондай-ақ Қазақстанның барлық аудан орталықтарында лицензиялық міндеттемелерді орындау тұрғысынан тексерілді. Барлығы 9 ұсыныс хат жолданды.
2019 жылы мобильді байланыс қызметтерін ұсыну сапасы егжей-тегжейлі өлшенді. Алматы, Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Есік, Қарағанды, Қостанай, Екібастұз, Курчатов, Сарыағаш, Түркістан, Арыс, Жетісай, Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған Тараз.
Ақмола облысы Зеренді ауданының (Зеренді кенті) және Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл курорттық аймағында ұялы байланыс жабындысының болуына аспаптық өлшеу жүргізілді. Щучье-Бурабай курорттық аймағында мұндай жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады.
2019 жылы байланыс операторларына 14 ұсыныс хат жіберілді.
Сондай-ақ абоненттердің ұялы байланыстың қанағаттанғысыз сапасы туралы өтініштері бойынша ел бойынша қызмет көрсету сапасын өлшеу жүргізіледі. 2019 жылы 50-ге жуық өтініш түсті. Оның ішінде 16 факті бойынша бұзушылықтар тіркеліп, операторларға айыппұл салынды.