Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік әріптестік

Өңірлік әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының жұмысы туралы

 Тайынша аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның қызметі (бұдан әрі мәтін бойынша - Комиссия) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің және 2014 жылғы 27 маусымдағы №211-V "Кәсіптік одақтар туралы" Заңының негізінде жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, аудан қызметкерлері мен жұмыс берушілерінің отырыстары, ұжымдық келіссөздер, консультациялар нысанында әлеуметтік және еңбек салаларының және олармен байланысты экономикалық қатынастардың негізгі бағыттары бойынша тараптардың ұстанымдарын келісу арқылы жүзеге асырылады.

Әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның (бұдан әрі – үшжақты комиссия) құрамы мен Ережесі бекітілді.

Ағымдағы жылдың 01 мамырындағы жағдай бойынша әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 3 отырысы өткізілді. Үшжақты комиссияның отырысына аудан ұйымдарының 6 жұмыс берушісі тыңдалды, онда жалақы, әлеуметтік аударымдар бойынша берешек проблемаларын шешу және т.б. мәселелер қаралды. Сондай-ақ, сақтандырылмаған халықтың санын азайту, ауданның орта және ірі бизнес қызметкерлерінің заңды құқықтарын іске асыру және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу мақсатында ағымдағы жылдың 16 мамырында ZOOM нысанында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҮЕАҚ СҚО бойынша филиалы басшысының орынбасары Талғатбек Анварбекұлы Тілеубердинмен ауданның жұмыс берушілерімен кездесу өткізілді.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиялардың отырыстарында еңбек қатынастары, аудан кәсіпорындарының жалақы бойынша берешегі, қызметкерлерді босату мәселелері, сондай-ақ еңбек саласындағы және еңбек заңнамасы саласында туындайтын басқа да мәселелер қаралады.

 

Айнагүл Жәкенова
Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Дата публикации
03 июня 2024
Дата обновления
03 июня 2024
Тип

Сейчас читают

12 мая 2026
Ақпарат
22 сентября 2025
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің бөлімінің құрылымы
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы