Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ведомстволық жоспары

09.09.2020 ж.

«СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындысы бойынша талдамалы анықтама

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидалары негізінде «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әріде — Бөлім) 2020 жылғы 07-09 қыркүйек аралығында жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Жұмыс тобы басшының 2019 жылғы 05 қарашадағы №42-НҚ бұйрығымен құрылды және бекітілді.

«СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 14 түрін көрсетеді.

2020 жылғы 04 қыркүйектегі жағдай бойынша барлығы 793 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде бөлім арқылы — 220, «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы — 366, электронды Үкіметтің веб-порталы арқылы — 207.

Өткен жылғы үлес мерзіммен салыстырғанда, барлығы 3424 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде бөлім арқылы — 2289, «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы — 1185, электронды Үкімет веб-порталы арқылы – болған жоқ.

2020 жылдың 8 айы ішінде Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 232 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан — 75, жеке тұлғалардан - 157.

2019 жылғы үлес мерзімінде 29 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан — 0, жеке тұлғалардан — 29. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық белгілері бойынша шағымданулар болған жоқ.

«СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мемлекеттік қызметшілердің саны штат бойынша — 10, нақты — 10 адам.

2019 жылғы үлес мерзімде мемлекеттік қызметшілердің саны штат бойынша — 10, нақты — 10 адам.

«СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциясы жоқ.

Тайынша ауданы әкімі аппаратында орталықтандырылған «Қызметшілерді басқару қызметінің» болуына байланысты, конкурстық комиссия Бөлімде қарастырылмаған.

Қызметкерлердің біліктіліктерін арту мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктіліктерін арту жоспарлы кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылдың 8 айы ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктіліктерін арту Солтүстік Қазақстан аймақтық орталығында біліктілікті арту курсынан 5 мемлекеттік қызметші өтті.

Көрсетілген мерзімде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ.

Бөлімнің барлық қызметкерлері өз лауазымдарының біліктілік талаптарына сай.

Мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтауда бұзушылықтар жоқ.

2020 жылдың 8 айы ішінде бөлімде мемлекеттік қызметтен өту кезеңінде бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын, қылмыс жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері, мүдделер дау-жанжалдары болған емес.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін тиісі орындамау фактілерін алдын алу мақсатында бөлімде семинарлар, кездесулер және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуы үшін қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Фойеде өтініштер ресімдеу үшін үстел бар, стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары орналасқан.

Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мамандар әдеп нормаларын сақтау нормаларымен таныстырылған, аудандық әкімдікте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өткізілетін барлық семинарлар мен құқықтық оқытуларға қатысады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, электрондық қызметтер, ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат, талап етілетін құжаттардың тізбесі, көрсету мерзімдері және тағы басқалар Тайынша ауданы әкімінің сайтына орналастырылды.

Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері барлық ауылдық әкімдіктерге жіберілді.

Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету, қызметкерлерді басқару және мүдделер бойынша дау-жанжалдарды реттеу жөніндегі деректерге талдау жүргізудің нәтижесінде, Бөлімнің қызметін қозғайтын, нормативті-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жұмыс тобының басшысы
Б. Тәшетова

Жұмыс тобының мүшелері:
Р. Улмесеков
Р. Өтелбаева
Г. Келина
Б. Нұрғалиева

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысының жағдайы туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ жұмыссыздықты қысқарту және оны әлеуметтік деңгейде қолдау, жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және жұмыссыз еңбекке қабілетті халықты кәсіптік бағдарлау саласындағы жұмысты жүзеге асырады. Ұйымдарға қажетті кадрлар жинақтауға жәрдемдеседі. Қажетті ақпарат ұсыну, және жұмысқа орналастыру және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша кеңес берулер негізінде еңбекке қабілетті халықтың жұмыс немесе жұмыс түрін таңдаудағы қажеттілігін қанағаттандырады. Зейнеткерлерге, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларға, және де мемлекеттік қолдау көрсетуге мұқтаж еңбекке қабілетсіз халықтың басқа да топтарына әлеуметтік көмек ұсынады. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады. Жұмыссыздық деңгейін қысқарту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуметтік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтар мен қоғамның құқықтарын, еркінділігін, заңды мүдделерін қорғауға, сыбайлас жемқорлыққ құқық бұзушылықтарын айқындау және бұлтартпауға, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін мүлтіксіз сақтауына бағытталған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сенім телефоны орнатылған, электронды пошта жәшігі бар. Халыққа қол жетімді орында Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі ілінген стенд орнатылған. Апта сайынғы дүйсенбі және жұма күндері сағат 10-00-13-00 дейін бөлім басшысы азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді және сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10-00-13-00 дейін бөлім басшысының орынбасары жеке қабылдау жүргізеді.

Халықты ақпараттау мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде сенім телефоны, web-сайтының мекен-жайы және азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесі жарияланады.

«Интегро» талдамалы-ақпараттық жүйесі арқылы тұлғалардан келіп түскен өтініштерді және оларды қарау нәтижелері есепке алынып, мониторинг жүргізіледі, келіп түскен өтініштер заңмен белгіленген тәртіпте қаралады.

Мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаларға сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға отыру конкурстық негізде және арнайы тексеруден өту арқылы жүзеге асырылады.

Жыл сайын барлық мемлекеттік қызметшілер салық комитетіне табыстары туралы декларация тапсырады. Бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілерімен ант және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер қабылданған.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайту және жауапкершілігін арту мақсатында ауданда қызметтік тергеулер жүргізу материалдарын қарау, теріс қылық жасауға қатысты фактілерді тексеру және қызметшілер, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке шақыруға әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзукшылығын жіберіп алған және (немесе) Әдеп кодексін бұзған қызметшілер қатынасында ұсыныстар шығару үшін бірыңғай тәртіптік комиссия құрылған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қашанда қандай болмасын мемлекет үшін, өзекті және қазіргі үшін қажеттілікті болып табылған. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің дамуы жолындағы кедергі болып табылады және өкіметке деген қоғамның сенімсіздігін тудырады. Осыған байланысты, бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыты мамандармен Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын жүзеге асыруға бағытталған.

Тайынша ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында лауазымдық тұлғалардың Әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы бұзу фактілерін хабарлау үшін

ТЕЛ. 79-0-47

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ ОРНАЛАСКАН

Солтүстік Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің телефоны: 46-74-46

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: Call-орталық телефоны 1494

 

Жемқорлықсыз болашаққа. Бiрге!

09.08.2017

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi өңiр аумағында «Болашаққа парасыз бiрге барамыз!» ұранымен акция жүргiзедi.

Тайынша ауданы 2017 жылдың тамызында осы акцияны өткiзу бойынша Қызылжар ауданынан эстафетаны қабылдады.

Тайынша ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдi тобының шығу кестесiне сәйкес 2017 жылдың 9  тамызында Абай, Донецкий және Чкалов ауылдық округтерiне шығу ұйымдастырылды.

Ауылдық округтердiң халқымен кездесу өткiзу барысында сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтiк әсерiнiң керi көрiнiстерi, оған мемлекет тарапынан қарсы iс-қимыл тәсiлдерi, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған үшiн жауапкершiлiк шаралары түсiндiрiлдi. Баяндамаларға слайд көрсетiлiмдерi iлесiп отырды.

Көрермендерге сыбайлас жемқорлық туралы үш мазмұнды бейнероликтер көрсетiлдi.

Акция аяқталғаннан кейiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдi топ тұрғындардың сұрақтарына жауаптар бердi.

 


2017 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспары

№ 
р/с
Іс-шаралар Орындалу мерзімі   Орындауға жауапты тұлға   Жорамал шығыстар     Қаржылан дыру көзі
1 Аудан әкімінің және селолық округтердің есептік кездесулеріне қатысу Кестеге сәйкес Бөлім басшысы Қажеті жоқ  
2 Қызметкерлермен салық органдарына табыс туралы декларацияны уақытылы тапсыру   2016 жылдың 1 тоқсаны Бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілері Қажеті жоқ  
3 БАҚ және лекциялық дәрістерде жаңа нормативтік құқықтық актілеріне және ҚР заңнамасындағы өзгерістеріне жедел түсінік беруді қамтамасыз ету   Ай сайын Секторлардың меңгерушілері, бас мамандар Қажеті жоқ  
4 Жемқорлықпен күресуге арналған құқықтық жалпыға міндетті оқу шеңберінде симинар өткізуді ұйымдастыру   Құқықтық жалпыға міндетті оқу бойынша жұмыс жоспарға сәйкес   Бөлімнің бас маман-заңгері Қажеті жоқ  
5 Бөлімде бюджеттік қаражаттардың мақсатты қолданылуын және уақытында игеруге бақылауды қамтамасыз ету   Тұрақты Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар секторы Қажеті жоқ  
6 Бөлімде «сенім телефонның» үздіксіз істеуін қамтамасызету Тұрақты Бөлімнің бас маман-заңгері   Қажеті жоқ  
7 Бөлім қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін жоғарлату Тұрақты Бөлімнің секторлары   Қажеті жоқ  
8 Тауарды, жұмысты және қызметті мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты бөлімнің веб-сайтында және веб-поталында жариялау Тұрақты Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар секторы   Бөлінген бюджет қаражаттарының шегінде Аудандық бюджет
9 Бөлімге келіп түсетін жеке және тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастырылуы Тұрақты Бөлімнің секторлары Қажеті жоқ  
10 Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін, жемқорлықпне күресу заңнамасын және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңын бұзу фактілері туралы азаматтардың өтініштерін жүйелі түрде тексеру бойынша бақылауды ұйымдастыру. Расталған бұзушылық фактілерін жою бойынша тиісті шараларды қолдану. Тұрақты Бөлімбасшысы Қажеті жоқ Аудандық бюджет
11 Азаматтарды жеке қабылдау Бекітілген кестеге сәйкес Бөлім бастығы Қажеті жоқ    
Дата публикации
23 февраля 2024
Дата обновления
23 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

12 мая 2026
Ақпарат
22 сентября 2025
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің бөлімінің құрылымы
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы