Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.
Ол қалай жқмыс iстейдi? Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол сұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны e-gov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.
Мабильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?
Телефон номерiңiздi алушының жеке кабинетiнде не «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына жүгiну арқылы ЖСН байлауға болады.
Бiр реттiк пароль бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi:
- Мекенжай анықтамасын алу;
- Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
- ЖТ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
- Жеке тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
- Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру;
- Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру;
- Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органмен бекiтiлген тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;
- Жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иесi) туралы мәлiметтi қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;
- Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу;
- Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру;
- Мұрағаттық анықтамалар беру;
- Заңды тұлғаларды тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы анықтаманы алу;
- Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
- Заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бар екендiгi туралы анықтама беру;
- Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
- Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысуы туралы анықтама алу;
- Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама алу;
- Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
- Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
- Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
- Некеге тұру туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
- Әкелiк құқықты бекiту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
- Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
- Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
- Некенi бұзу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
- Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
- Аты, тегi, әкесiнiң атының ауысқаны туралы анықтама алу
- Некенiң бұзылғаны туралы анықтама алу;
- Некеге тұру туралы анықтама беру;
- Туу туралы анықтама алу.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданыны әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi халықты мемлекеттiк қызметтердi ұсыну туралы ақпараттандырады:
- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру»; өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрiде — ЖҚ және ӘББ) арқылы жүргiзiледi;
- «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және ЖҚ және ӘББ арқылы жүргiзiледi;
- «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»; өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және ЖҚ және ӘББ арқылы жүргiзiледi;
- «Ақталған адамға куәлiк беру», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүргiзiледi;
- «Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және ЖҚ және ӘББ арқылы жүргiзiледi;
- «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және ЖҚ және ӘББ арқылы жүргiзiледi;
- «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және ЖҚ және ӘББ арқылы жүргiзiледi;
- «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және ЖҚ және ӘББ арқылы жүргiзiледi;
- «Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және ЖҚ және ӘББ арқылы жүргiзiледi;
- «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау», өтiнiштердi қабылдау «электрондық үкiмет» веб-порталы және ЖҚ және ӘББ және ауылдық округтер әкiмдерi арқылы жүргiзiледi;
- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүргiзiледi;
- «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және ЖҚ және ӘББ және ХҚКО арқылы жүргiзiледi;
- «Тұрғын үй көмегiн тағайындау», өтiнiштердi қабылдау «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүргiзiледi;
- «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау», өтiнiштердi қабылдау ХҚКО және ауылдық округтердiң әкiмдерi арқылы жүргiзiледi.
Мемлекеттiк қызметтер «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданыны әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» комуналдық мемлекеттiк мекемесiнде ұсынылады.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Конституциясы, 203 мекенжайы бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданыны әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде немесе 79-0-47 телефоны арқылы алуға болады, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттiк қызметтер туралы мәлiметтер «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданыны әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ozsp-tsh.sko.gov.kz сайтына орналастырылған.
Жұмыспен қамту және әлеуметiк
бағдарламалар бөлiмiнiң
басшысы О.Г. Нероба