GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
07 июля 2026
1 шілдеден бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау басталды.

Кейінгі тоғыз жыл ішінде бұл сыйлықақы 558 үкіметтік емес ұйымға табысталды. Жыл сайын олардың қатарында аудандар мен ауылдық елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген 10-ға жуық ауылдық үкіметтік емес ұйым бар.

Егер ұйымыңыз қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, өз саласында нәтижелі жұмыс атқарып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрсе, сіздерді үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.

✔️Өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқауға қатысу талаптары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk

Қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

15 мая 2026
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы

«Мерейлi отбасы-2026» Ұлттық конкурс туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады. Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады. Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (29 маусымға дейін). Екінші – облыстық кезең (15 шілдеге дейін). Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі. Толық ақпаратты «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ сайтынан алуға болады. Анықтама телефоны:87153621890, 87089046754.

13 мая 2026
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы
03 декабря 2025
Сараптамалық кеңестің құрамын қалыптастыру туралы хабарландырулар

«СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес сараптама кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу мақсатында қалыптастырылады.

Сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатуралар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылады.

Сараптама кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

Анықтама телефоны: 8 715 3621890.

 

 

03 декабря 2025
Заң мен Тәртіп
11 ноября 2025
Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария талқылау 2025 жылғы 31 қазан мен 2025 жылғы 13 қараша аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға 1ovp1@mail.ru) ауызша түрде де (тел. 87153621890) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/tayinsha-ovp/documents/details/916793
Анықтама телефоны: 87153621890.

22 августа 2025
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.08.2025 - 29.08.2025

Қабылдау 1 этап: 02.09.2025- 04.09.2025

Қабылдау 2 этап: 08.09.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 09.09.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

12.09.2025

Сұхбат: 17.09.2025

Анықтама телефоны: 87153621426

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат

бөлімі" КММ бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалыс

кезеңіне 2028 жылғы 9 мамырына дейін), E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Уақытша

бос)

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік егемендікті нығайту бойынша мемлекеттік саясатты,

қоғамдық үрдістерді және қоғамдық шоғырландыруды, демократизациялауды

және ауданда гендерлік саясатты іске асыруды аудандық газеттерде ақпараттық

жариялауды жүргізу. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын

насихаттау және түсіндіру, Мемлекеттік бағдарламалар, «2050 жылдарға дейін

Қазақстанның даму Стратегиясының» негізгі бағыттары бойынша

ұйымдастыру жұмысы. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және Қазақстан

Республикасындағы басқа да мерекелерді дайындауды және өткізуді саяси

қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Діни

бірлестіктердің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің (басқарушы

емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, балалар мен жастар

ұйымдардың, кәсіподақтардың) қызметіне мониторинг жүргізу. Діни

бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, басқарушы

емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, балалар мен жастар

ұйымдарымен, кәсіподақтармен өзара іс-әрекетті тұрақты ұйымдастыру. Кіріс

хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, тағайындау бойынша беру және шығыс хат-

хабарларды жіберу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

мерзімдерін есепке алу. Бөлім қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын жүргізу,

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі сәйкес атқаратын лауазымынан

босату және қабылдау бойынша қажетті құжаттарды ресімдеу. Мемлекеттік

қызметті өткерумен байланысты мемлекеттік органдардың шешімдерін

ресімдеу. Бөлімнің құзыретіне жататын нормативтік-құқықтық актілердің

жобаларын әзірлеу. Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу. «А» блогы.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан

кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:

халықаралық құқық, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, құқықтану, қаржы,

гуманитарлықғылымдар, әлеуметтікғылымдар,экономикажәнебизнес,

маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, менеджмент, есеп және

аудит, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет

бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдер және әдебиет, государственное и

местное управление, педагогика және психология, экономика, қазақ тілі мен

әдебиеті мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, ұйғыр тілі мен әдебиеті

мұғалімі, өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімі, шетел тілі мұғалімі, дін және

теология, тілдерді оқу, бухгалтерлік іс және салық салу, менеджмент және

басқару, маркетинг және жарнама.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не орта білімнен кейінгі

немесе техникалық және кәсіптік білім;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот

тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне

(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

09 июля 2025
2024 жылдың қаңтарынан бастап желтоқсан аралығы кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша Аналитикалық анықтама

        Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» КММ басшысының 2025 жылғы 5 маусымдағы №17-Д бұйрығын орындау мақсатында 2025 жылғы 8 маусым мен 2025 жылғы 30 маусым аралығында жұмыс тобы Тайынша ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» КММ (бұдан әрі – Бөлім) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (бұдан әрі – ішкі талдау) анықтау бойынша ішкі талдау жүргізді.

Талдау кезеңі: 2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне ішкі талдау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

  1. кадрлармен жұмыс, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелер.

Жұмыс тобы Бөлімнің қызметінде басшылыққа алынатын кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді зерделеді.

Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу барысында ішкі талдау мынаны көрсетті:

Ішкі саясат бөлімінің штаттық саны – 5 адам, оның ішінде 3 мемлекеттік қызметші (1 – басшы, 2 – бас маман), шарт негізінде жұмыс істейтін техникалық персонал – 2 қызметкер (аударма редакторы, жүргізуші).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мақсатында Бөлімнің барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдады, қаржылық бақылау шараларын іске асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларын уақтылы ұсынды.

Мынандай фактілер анықталған жоқ: мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленуі, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар кезінде, мүлікті, активтерді сатып алу немесе сату кезінде аффилирленуі, жақын туыстардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірге қызмет етуі (жұмыс істеуі), лауазымды тұлғаларға қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу.

2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі кезеңде Бөлімге 18 өтініш келіп түсті.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары қатаң сақталады. Талдау жүргізу сәтінде Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша тәуекелдердің туындауын растайтын жағдайлар анықталған жоқ. Аппарат қызметкерлеріне қатысты қылмыстық және әкімшілік істер тіркелмеген. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттелген кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, Бөлімнің функционалдық қызметіне қатысты заңдарды түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқыту жүргізіледі.

Өткізілген ішкі талдау барысында Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

             

 

Жұмысшы тобы:

 

   

Қарбаев Дастан Сәбитұлы

бөлім басшысы

Жақсыбаева Айман Жанатқызы 

бас маман – бас бухгалтер

Рафальский  Анатолий Павлович

«Аудандық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы

 Карим Алибек Тулюгунұлы

 

«Жастар ресурстық орталығы»КММ  директорының

 

09 июля 2025
Ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

2025 жылғы 30 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімідігінің ішкі саясат бөлімі» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілуде. Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 21745 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

09 июля 2025
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауы 2025 жылғы 20 маусымда сағат 16:00-де Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197 мекен-жайы бойынша (аудан әкімдігінің ғимараты) өтеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы