2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Жоспарланған қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзін көрсете отырып негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Аудан бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру

750,0

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; әлеуметтік желілер, аудандық газеттер, ІІБ ресми интернет-ресурсы

Тайынша ауданының жастары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері

Өсіп келе жатқан ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру

2

Жастармен дәрігер-наркологтың, психологтың, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру дәрістерін, әңгімелерін, кездесулерін өткізу; нашақорлық белгілерін ерте анықтау бойынша ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру; аудандағы есірткі ахуалына терең талдау жүргізу

750,0

1998 жылғы 10 шілдедегі «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлары және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; әлеуметтік желілер, аудандық газеттер, ІІБ ресми интернет-ресурсы

Тайынша ауданының тұрғындары

Есірткі заттарының зияны туралы халықтың білім деңгейін арттыру

3

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу; қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасылық байланыстарды нығайту іс-шаралары

750,0

2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі; 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы; әлеуметтік желілер, аудандық газеттер, ІІБ ресми интернет-ресурсы

Тайынша ауданының тұрғындары

Қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы қоғамдық пікір қалыптастыру, халықтың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру

4

Алаяқтық, лудомания және дропперлікке қарсы профилактикалық-түсіндіру іс-шаралары: «Ойынға тәуелділіктің қауіптілігі», «Интернет-алаяқтық түрлері және жеке деректерді қорғау тәсілдері», «Дропперлікке қатысудың қауіптілігі неде?»

550,0

2014 жылғы 3 шілдедегі ҚР Қылмыстық кодексінің 28, 190, 232-1-баптары; 2024 жылғы 31 мамырдағы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары; әлеуметтік желілер, аудандық газеттер, ІІБ ресми интернет-ресурсы

14-тен 35 жасқа дейінгі жастар

Халықтың қаржылық сауаттылығын, құқықтық санасын және ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін қалыптастыру

5

Діни экстремизмге, сепаратизм мен терроризмге қарсы профилактикалық жұмыс ұйымдастыру

1200,0

2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы; 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы; 2014 жылғы 3 шілдедегі ҚР Қылмыстық кодексінің 174, 180-баптары

Тайынша ауданының тұрғындары

Халықтың құқықтық және рухани мәдениетін арттыру, діни экстремизм, сепаратизм және терроризм идеологияларының таралуын болдырмау, халық арасында толеранттылықты, азаматтық бірлікті және патриотизмді қалыптастыру

 

 

2025 жылғы 29 қазан бойынша

Орын.А.Мұхамеджанова

Тел.87153621890

Дата публикации
31 октября 2025