«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ 2023 жылғы 3 тоқсанның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есеп

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ 2023 жылдың 3 тоқсанда 203 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: заңды тұлғаларға – 43, жеке тұлғаларға – 160.

  • Мемлекеттік органда, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 15
  • «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 188
  • тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 65, ақылы негізде көрсетілетін қызметтер саны – 138

Ауыл шаруашылығы саласындағы аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сонымен қатар жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алып тастау және тіркеу құжатын беру (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру.

Ауыл шаруашылығы бөлімімен жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр: жеке және заңды тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша, оларды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы кеңестер, семинарлар өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат бөлімнің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Ауыл шаруашылығы бөлімі ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі негізгі ұғымдар, жалпы ережелер, сипаттама және іс-әрекет тәртібі көрсетілген жаңартылған стендтер бар. Өтініш бланкілері мен үлгілері бар ақпараттық үстелдер мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпыға бірдей шолу үшін қолжетімді жерде орналасқан.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері мемлекеттік органда да, «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды басымдықтар болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары түскен жоқ.

3 тоқсанында ауыл шаруашылығы бөлімімен 130 брошюра таратылды.

Ауыл шаруашылығы бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы есеп тоқсан сайын тапсырылады.

Дата публикации
23 февраля 2024