Тайынша ауданының қонақтары үшін нөмірлік қоры 31 бірлік болатын 4 қонақ үй жұмыс істейді. Қонақ үйлер Интернетпен жабдықталған, қонақтарға люкс, жартылай люкс нөмірлері ұсынылған. Мейрамхана, 31 кафе-бар, 2 фастфуд пункті, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, кинотеатр жұмыс істейді.
2022 жылы қонақ үйлерде 2153 адам тұрып, 8,2 млн. теңгеге қызмет көрсетілді
Қызмет көрсетілген келушілердің жалпы санының 80% — ы резиденттер және 1,9% - ы резидент емес болды.
Іскерлік және кәсіби мақсаттармен келушілердің 47% - ы тұру орындарында болды.
Ауданның туристік саласын дамытудың негізгі әлеуеті – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», католиктердің қажылық орны - Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округінің Озерное ауылында орналасқан, «Қазақстан жұлдызы» құрбандық үстелі. Бұл «Қазақстан жұлдызы» құрбандық үстеліне жыл сайын алыс және жақын шетелдерден 700 - ден астам қажылар келеді, оның ішінде шатырлы лагерь 100-150 адамға бөлінеді.
Аудан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы" жобасын жүзеге асыру аясында Дiни туризм үшiн жақсы туристiк әлеуетке ие — Волынь шоқысына бару (қазақ тiлiнен аударғанда "Ахимбетау" деген басқа атау — "жұбаныш тауы"), «Қазақстан Голгофына» бару, Озерном ауылындағы «Звезда Казахстана» құрбандық ошағы.
Iшкi туризмдi дамытудағы маңызды объект жол сервисi объектiлерiнiң желiсi болып табылады.
Аудан аумағында Республикалық маңызы бар жолдар бойында 21 жол сервисi объектiсi орналасқан, оның iшiнде 10 тамақтану пунктi, 8 АЖС, 2 модульдiк жылыту пунктi, 1 Техникалық қызмет көрсету станциясы.
Туристiк саланы дамытуды қамтамасыз ету бойынша 2021 жылы орналастыру орындарының саны — 4 бiрлiк.
Орналастыру орындарымен көрсетiлген қызметтер көлемi бойынша 2021 жылы — 4246,0 мың теңге.
Тұратын жерлерде тек iссапарларға келгендер ғана орналастырылады.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне туристiк қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТI:
Солтүстiк Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы
С.М. Бекшенов