Меню

Страницы

Статья

Мәдениет мекемелерi бойынша қаржыландыру

Мәдениет мекемелерi бойынша қаржыландыру

  • СҚО Тайынша ауданының мәдениет мекемелері бойынша 2025 жылға арналған қаржыландыру көлемі — 139267 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
  • 244979,0 мың теңге - орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қаржыландырудың жалпы көлемі
  • Соңғы жылдардағы мәдениет саласы қызметінің қорытындысын талдай отырып позитивті өзгерістер атап өтуге болады
  • Мәдениет саласындағы негізгі басымдықтар:
  • Мәдениет және өнер саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
  • Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениетті насихаттау
  • Мәдениет саласындағы қызметтер сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейі
  • Мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативтік функцияларының толеранттық тіл ортасын қалыптастыру
  • Ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізу

 

Аудан бойынша мәдениет объектілері желісі – 70 бірлік, оның ішінде мемлекет меншігінде 58 объект, жеке меншікте – 12, оның ішінде барлық нысанындағы клубтық үлгідегі 31 мекеме (мемлекеттік – 19), 39 мемлекеттік кітапхана. 

Клубтық мекемелер

Тайынша ауданында 2 қызметкердiң «Мәдениет қызметкерi» атағы бар: Сағындықова Гүлмира Бәкiбайқызы – мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы, Жұмабаев Ерсаин Айтқабылұлы – Халық үрмелі оркестрінің сүйемелдеушісі.

Тайынша ауданында «Халықтық» атағы бар 4 ұжым бар: Вишневка хоры, АМҮ үрмелi аспаптар оркестрi, «Ретро-Микс» вокалдық-инструменталдық ансамблі, «Шабыт» хареографиялық ансаблі.

Аудандық мәдениет үйiнде 4 компьютер бар, интернет желісіне қосылған.

Кiтапханалар

01.01.2025 ОКЖ кiтап қоры — 402451 дананы, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 366843 дананы, мемлекеттiк тiлде — 111849 дананы, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 103646 дананы құрайды.

2025 жылдың 12 айында бақылау көрсеткiштерiн орындау:

  • Оқырмандар саны — 21001, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 16811;
  • Келушiлер саны — 216830, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 176030;
  • Кiтап беру саны — 434314 дана, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 343444 дана.

 

Спорт

Аудан бойынша 191 спорт ғимараты бар. Оның ішінде: Тайынша қаласындағы 1 стадион, Тайынша қаласындағы 2 ФОК (Тайынша қ., Келлеровка с.), 1 атыс тирі, 26 хоккей корты, 51 спорт залы, 7 бейімделген үй-жай, 103 жазықтық құрылыстар. Жазықтық құрылымның ішіне  (26 баскетбол алаңы, 31 волейбол алаңы, 3 спорт ядролары, 38 футбол алаңы ( оның ішінде 6 жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы), 2 Street Work Out және 3 дала тренажерлар.

 

Ауданда 93 дене шынықтыру ұжым бар, оның ішінде 70 ауылдық жерлерде.  Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 16587 (40,5 %) адам айналысады, оның ішінде 12409 ауылды жерде, 4178 Тайынша қ.

 

Мемлекеттiк тiл саясаты

Мемлекеттiк мекемелер және мектептерде қазақ тiлi үйiрмелерi ашылған, сабақ аптасына 2 рет өткiзiледi және мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен немесе өкiмiмен белгiленедi.

Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанынан қазақ тiлi кабинетi ашылған.

2025 жылға «Мемлекеттiк тiл және басқа Қазақстан халқы тiлдерiн дамыту» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк қызметкерлердi оқыту үшiн жергiлiктi бюджеттен 1315,0 мың теңге сомасында қаражат бөлiндi.

2025 жылы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлiмiнде құрылған 5 топта 97 тыңдаушы дәрiс алады. Мемлекеттiк тiлдi үйренгiсi келетiндер үшiн СҚО «Тiлдердi оқыту орталығы» КММ арқылы — 97 тыңдаушысы бар 5 топ жұмыс iстейдi.

Мәдениет мекемелерінде мемлекеттік тілді насихаттау бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық келісімді, тілге деген құрметті насихаттауға бағытталған мемлекеттік тілде іс-шаралар өткізіледі. 

Қазiргi уақытта ономастика тiлдер саясатының алдыңғы бағыттарының бiрi болып табылады.

Бөлім мамандарымен ономастика проблемалары бойынша ауылдық округтарға әдістемелік көмек көрсетіліп тұрады.

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне және физикалық-географиялық объектiлерге атау беру, оларды қайта атауды ретке келтiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Тайынша ауданында көрнекi ақпараттарды ҚР «Тiл туралы» Заңының 21 баптарына сәйкес келтiру үшiн мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi бiрiңғай тiл саясатын тiлдердi дамыту саласында жүзеге асыру бойынша тоқсан сайын ақпараттық, әдiстемелiк қызметпен қамтамасыз етедi

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мамандарыменкөрнекі ақпаратты тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың талаптарына сәйкес келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ай сайын құжаттардың мониторингi жүргiзiледi. 2025 жылға Тайынша ауданының мемлекеттiк мекемелерiндегi құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi арасалмағы 97 пайызды құрады.

Бөлім бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. «Тайынша таңы» мен «Тайыншинские вести» газеттерінің беттерінде тіл саясатын насихаттау бойынша мақалалар жиі жарияланып тұрады.

Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi өз жұмысында осы ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз байланыста. Мемлекеттiк мерекелердi, қоғамдық iс-шараларды ұйымдастыруда аталған орталықтар белсендi қатысады. 

Алдағы уақытта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Тайынша ауданында мемлекеттік тілде іс-жүргізудің жүелілігін үйлестіру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.

 

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданыны әкiмдiгiнiң мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ Тайынша ауданының аумағында мәдениет және тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк басқару функцияларын жүзеге асыруына, аудан әкiмдiгiмен уәкiл етiлген және аудандық бюджеттiң қаражатынан қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

  • Бөлiм қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен мәнi мәдениет және тiлдердi дамытуда ұйымдастыру қызметiн бақылау және үйлестiру болып табылады.
  • Тайынша ауданында бiрыңғай мемлекеттiк тiл саясатын жүргiзу.
  • Халықтың денсаулығын нығайту үшін жағдайлар жасау, көпшілік және кәсіби спортты насихаттау, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысуға тарту
  • «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Заңын, тiлдердi дамыту және қолдану Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша меншiк түрiне қарамастан бөлiмдердiң, ұйымдардың және кәсiпорындардың қызметтерiн үйлестiру.

Жүктелген мiндеттемелерге сәйкес мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі келесi функцияларды жүзеге асырады:

  • Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттiк басқаруды және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
  • Мәдениет мекемелерi мен кәсiпорын жүйелерiн сақтау
  •  Мәдени, демалыс жұмыс түрлерiн дамыту, мәдениет Үйлердiң және клубтардың, кiтапханалардың жұмыстың нәтижелiлiгiн жоғарлату.
  • «ҚР тiлдер туралы» Заңын орындау үшiн бақылауды жүзеге асыру бойынша әдiстемелiк көмектер көрсету.
  • Тiлдердi дамыту бойынша iс-шаралар өткiзу
  • Мемлекеттiк тiлдi оқу, ономастикалық жұмыс бойынша жұмысты үйлестiредi.
  • Аудан аумағындағы көпшілік спорт пен ұлттық спорттың дамуын қамтамасыз етеді

 

Дата публикации
07 марта 2025
Дата обновления
07 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру
Ақпарат
12 мая 2026
СЖТІТ басталуы туралы хабарлама
Ақпарат
09 декабря 2025
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы